Бүгін 8 қалада ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Дүйсенбі күні 8 қалада ауа сапасы нашарлайды. ҚазАқпарат бұл туралы «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

12 желтоқсанда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Астана, Алматы, Ақтөбе, Теміртау, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Шымкент қалаларында күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.