Синоптиктер болжамына сүйенсек, сәрсенбі күні қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы, Ақтау, Атырау, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Теміртау және Шымкент қалаларында күтіледі.
Өзге шаһарларда атмосфералық ауа сапасы норма шегінде болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.