Бүгін 9 қалада ауа ластанады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін еліміздің 9 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды ҚазАқпара «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

«2023 жылғы 5 сәуірде Петропавл, Өскемен, Семей, Риддер, Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Алматы және Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.