Бүгін А.Пинчук, Б.Жақыпов және И.Сүлейменов Қытайда APB жобасы аясында кездесу өткізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше Антон Пинчук (91 кг), Біржан Жақыпов (49 кг), Ильяс Сүлейменовтер (52 кг) өздерінің бапкерлері - Мырзағали Айтжан және Нұрғали Сафиуллинмен бірге APB чемпионы титулын қорғау жекпе-жегі бойынша өткен баспасөз конференциясына қатысты.

Қазақстан бокс федерациясының хабарлауынша, бүгін Антон Пинчук пен Ильяс Сүлейменов жекпе-жек өткізіп, өнерлерін паш етпек. Пинчук румын боксшысы Драгош Джионеамен, Сүлейменов - қытайлық Янг Чангпен рингке шығады. Ал бұл бокс кешінің басты жекпе-жегі Біржан Жақыпов пен Лю Бин арасында өтеді. Кездесу қандай нәтижемен аяқталса да Жақыпов Риоға жолдама алады. Ал жеңсе Лю Биннен APB чемпионы атағын тартып алады.

Гуйяндегі APB кештігін үш қытай телеарнасы трансляциялайды.