Бүгін әдебиет саласындағы Нобельдік сыйлық лауреатының есімі жарияланады

АСТАНА. Қазанның 8-і. ҚазАқпарат Швеция академиясы бүгін әдебиет саласындағы Нобельдік сыйлық лауреатының аты-жөнін жариялайды,

 деп   хабарлайды  «Маяк»  радиосы.

 Кандидатураларды     талқылау кезінде  Нобельдік комитет  жазушылардың     нағыз   аты-жөндерін емес,  псевдонимдерін пайдаланады.    Бірақ  та сарапшылар    болашақ лауреаттың  есімін      табуға   талпынуда.

 Британдық  букмекерлік  "Лэдброукс" интернет-сайты   жасаған ставкаларға сүйенсек,   бірінші  орында  - Израиль жазушысы Амоз  Оз, екінші  орында - американдық жазушы     Джойс  Кэрол  Оутс ханым, үшінші  орында     американдық  Филип Рот тұр.

 Бірақ   Нобельдік   комитеттің  кейбір білгірлері   сириялық ақын  Адонис пен    перулік     жазушы  Марио  Варгас  Льосқа   үміт  артуда.