Бүгін Air Astana және FlyArystan рейстері кешіктірілуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Air Astana және FlyArystan рейстері кешіктірілуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

10 тамызда Air Astana және FlyArystan компанияларының бірнеше рейсі кешігіп ұшқан. Оған техникалық, метеожағдайлар, құстармен соқтығысу және Шымкентте түнгі уақытта 28 қону курсының жабылуы себеп болған.

Компания бүгін де рейстердің кешігуі мүмкін екенін ескертті.

Айта кетсек, Мәжіліс депутаты Самат Мұсабаев ұшақ кешігіп ұшатын болса, әуе компаниясынан билет құнының тиісті бөлігін қалай қайтарып алуға болатынын түсіндіріп берген еді.