Бүгін - АҚШ-та хот-дог күні

None
АСТАНА. 18 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін - АҚШ-та хот-дог тағамының ұлттық күні.

Бұл мерекені 1957 жылы АҚШ Сауда палатасы ресми бекіткен болатын. 1994 жылы өнім сапасымен, дәмімен және жарнамасымен айналысатын Ұлттық хот-дог және сосиска кеңесі құрылды. Кеңестің дәстүрлі мүшелері хот-дог пен сосисканы ұнататындарға арналған жарыс өткізіп тұрады. Жарыстың 4 негізгі ережесі бар: 18 жасқа толмағандарға хот-догқа кетчуп жағуға болмайды; хот-догты тәрелкеге салмай тек қана қолмен жеу керек; қолға жұққан дәмдеуішті жууға болмайды, саусақтарыңды жалап тазалауың қажет; ешқашан да хот-догты қытай ыдысына салуға болмайды, бұл «хот-дог - американдықтардың ұлттық тамағы» деген түсінікпен үндеспейді.

«Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа», деген осы да.