Қостанай облысы Обаған ауданында туған. Екі класты орыс-қазақ мектебінде, кейіннен мұғалімдер даярлайтын курста оқыған. 1907 жылдан өмірінің соңына дейін ұстаздық қызметпен айналысқан. 1923-1925 жылдары Қостанайда Ы.Алтынсарин ашқан, кейін Қазкоммуна аталған мектепте меңгеруші, 1925-1929 жылдары округтік оқу комитетінің төрағасы, 1930-1949 жылдары орыс тілінің мұғалімі болды. Ө.Ыбырай салған ағартушылық жолды жалғастыра жүріп, аудармашылық, жазушылықпен де шұғылданды. «Дүние ісі ахиретке кетпес» атты тұңғыш кітабы 1912 жылы Қазанда жарық көрді. Онда ақынның екі дастаны бар. Бірі кітаптың атымен аталады, екіншісі - «Жанғыз сәуегей сипатында». Келесі кітабы «Жиған-терген» 1914 жылы Орынборда басылып шықты. Оған «Қазақтың надан байлары мен нашар көршілері және ғалымдық пен надандық», «Данышпан қазы», т.б. шығармаларымен қатар Хемницерден «Құмырсқа мен дән», Пушкиннен «Көктемнің келуі», Жуковскийден «Туған жер», Лермонтовтан «Үш бәйтерек», Крыловтан 15 мысал аудармалары енген. Осы кітаптардан кейін Өтетілеуов жазушылықты біржола қойып, педагогтік қызметпен айналысқан. Ғ.Мүсіреповтің «Автобиографиялық әңгімесінде» Өтетілеуовтің ұстаздық бейнесі суреттелген.
08:03, 01 Шілде 2016
Бүгін - ақын, аудармашы Бекет Өтетілеуов дүниеге келген күн
АСТАНА. ҚазАқпарат - 133 жыл бұрын (1883-1949) ақын, аудармашы, ағартушы, педагог Өтетілеуов Бекет дүниеге келді.