АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін, 1 мамырда қазақстандық екі боксшы рингке шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жарыстың алғашқы күнінде ел құрамасынан Талғат Сырымбетов (60 келі) және Айбек Оралбай (92 келі) бәсекеге түседі.
Талғат Сырымбетов таиландтық Сакда Руамтхама (15-жұп, А рингі), Айбек Оралбай болгариялық Радослав Панталеевпен (17-жұп, Б рингі) қолғап түйістіреді.
Айта кетейік, әлем чемпионатында ел құрамасынан Санжар Тәшкенбай (48 келі), Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмуд Сабырхан (54 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Талғат Сырымбетов (60 келі), Санатәли Төлтаев (63,5 келі), Дулат Бекбауов (67 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Сағындық Тоғамбай (86 келі), Айбек Оралбай (92 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) бақ сынайды.
Еске салсақ, әлем чемпионатында жеңімпаз атанған қазақстандық боксшыларға 100 мың доллардан беріледі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.