Бүгін әлем киножұлдыздарына «Оскар» сыйлығы тапсырылады

АСТАНА. 27 ақпан. ҚазАқпарат - АҚШ-та Лос-Анджелес қаласында Голливудтың 3 мыңнан астам жұлдыздары - актерлер, режиссерлер, продюсерлер, сценаристер - бүгін американдық киноакадемияның «Оскар» сыйлығы тапсырылуы салтанатын асыға күтуде,

деп хабарлайды ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.

Әлемдік киноның дәстүрлі салтанаты өтетін Kodak  театрының алдына номинанттар үшін қызыл кілемнен жол төселген.

«Оскар» алтын мүсіншелерін тапсыру салтанаты әлемнің 225 елінде тікелей эфирден таратылады - ол үшін АВС  арнасы шоудың бүкіл көрінісін тұс-тұстан көрсететін 20 телекамера қойған.

 «Оскар» сыйлығының номинанттары арасында Мартин Скорсездің «Уақытты сақтаушы» (11 аталым) және ағымдағы маусымның басты фавориті - Мишел Хазанавичюстің «Артист» фильмдері бар. Екі картина да негізгі аталымдарға (таңдаулы фильм, таңдаулы режиссура, сценарий) үміттеніп отыр. Басты наградаға үміткерлердің арасында сондай-ақ «Ұрпақтар», «Өте қатты және мүлдем жақын дауыс», «Күтуші», «Париждегі түн ортасы», «Бәрін өзгерткен адам», «Өмір ағашы», «Әскери ат» фильмдері енген.

Басты ерлер рөлдері үміткерлері: Джордж Клуни, Брэд Питт, Жан Дюжардин, Гэри Олдмен, Демиан Бишир

Таңдаулы әйел рөлдері бестігінің үміткерлері: Гленн Клос, Мэрил Стрип, Вайола Дэви, Мишель Уильямс, Руни Мара.

«Оскар» сыйлығы салтанатын ресейлік «Бірінші телеарна» бүгін түнде мәскеу уақытымен 04 сағат 30 минутта тікелей эфирден көрсетеді.