Бүгін әлемдік қауымдастық Еңбек мерекесін атап өтуде

АСТАНА. 1 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін, 1 мамыр - Еңбекшілердің халықаралық ынтымақтастық күні.

Бұл күн әлемнің 66 мемлекетінде атап өтіледі. 1886 жылы американдық жұмысшылар 8 сағаттық жұмыс күнін талап етіп, ереуіл ұйымдастырды. Оның аяғы полицейлермен қақтығысқа ұласып, үлкен қантөгіс болды. 1889 жылғы маусымда ІІ Интернационалдың Париж конгресі Чикагодағы жұмысшылар ереуілін мәңгі есте қалдыру мақсатында, жыл сайын 1 мамырда шеру өткізу туралы шешім қабылдады.