Бүгін әлемге танымал қазақстандық скрипкашылар Марат Бисенғалиев пен Айман Мұсақожаеваның туған күні

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Марат Сәметұлы Бисенғалиев пен Қазақстанның халық әртісі, Өзбекстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, «Әлем әртісі», Қазақстан және Бүкілодақтық Жастар одағы сыйлығының, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Айман Қожабекқызы Мұсақожаева дүниеге келді.

Әлемдік деңгейдегі скрипкашы және дирижер Марат Бисенғалиев 1962 жылы Алматы қаласында туған. Мараттың әкесі Сәмет Бисенғалиев Батыс Қазақстан облысының Орда ауданынан. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Айман Мұсақожаева 1958 жылы Алматы қаласында туған. Алматы мемлекеттік консерваториясын, Мәскеу мемлекеттік консерваториясын бітірген. 1983 жылы Қазақ мемлекеттік филармониясының жеке дауыстағы орындаушысы болған. 1984-1997 жылдары Алматы мемлекеттік консерваториясында педагогикалық қызметпен шұғылданған. 1998 жылдан Астана қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры.