Т.Әубәкіров «Союз ТМ» кемесінде және «Мир» орбиталды кешенінде ұшуға әзірліктің жеделдетілген курсынан өтіп, 1991 жылдың 2 қазанында Александр Александрович Волковпен және австриялық ғарышкер Франц Фибекпен бірге «Союз ТМ-13» ғарыш кемесінің ғарышкер-зерттеушісі ретінде ғарышқа аттанды. Бір апта бойы «Мир» орбиталды кешенінде жұмыс істеді. 10 қазан күні Жерге оралды. Әуе кеңістігінде болу уақыты 7 күн 22 сағат 13 минутты құрады.
Қазақстан мен Австрияға ғарышқа жол ашқан бұл тарихи оқиғаны Қазақ КСР-ның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Австрия Республикасының канцлері Франц Враницкий бақылады.
Осы күні Нұрсұлтан Назарбаев Байқоңыр ғарыш айлағында республиканың Ұлттық ғарыш агенттігі құрылатындығы туралы мәлім етті.