Бүгін Алматы қаласында ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. ҚазАқпарат – 1 қарашада Қазақстанның көптеген қалаларында ауа сапасы норма шегінде болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, сейсенбі күні қолайсыз метеорологиялық жағдай тек Алматы қаласында болжанады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.