Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, 2023 жылғы 09 тамызда Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Атырау қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары қалыптасады.
Өзге қалаларда ауа сапасы норма шегінде болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.