Бүгін Алматы мен Атырауда ауа сапасы нашарлайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 1 қарашада Қазақстанның көптеген қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, бүгін Алматы және Атырау қалаларында жағымсыз метеожағдай қалыптасады.

Өзге шаһарларда ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.