ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысында коронавирусты тағы 13 адамның жұқтырғаны белгілі болды. Олардың 9-ы - Іле ауданының, 3-еуі – Қапшағай қаласының тұрғындары болса, 1-еуі Украина азаматы, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олардың ең кішісі - 8 айлық сәби, ең үлкені - 1952 жылы туған азамат. Олармен 39 адамның қарым-қатынаста болғаны анықталды. Байланыста болғандардың барлығы дәрігерлердің бақылауына алынды, вирусологиялық зерттеу жүргізілуде.
Айта кетейік, Алматы облысында індет жұқтырғандар саны 86-ға жетті.