Іле аудандық ауруханасының фильтріне жүгінген аталған ауданының 3 тұрғынының кеудесі рентгенге түсіріліп, олардан өкпе қабынуы анықталған. 1985, 1971 және 1967 жылы туған бұл азаматтармен 23 адам байланыста болған. Олардың бәрі оқшауландырылды.
Ал Кербұлақ ауданында COVID-19 инфекциясын жұқтырған 5 адам тіркелді. Олардың ең үлкені 35 жаста, ең кішісі 3 жасар. Сырқаттармен байланыста болған 38 адам карантинге алынды.
Айта кетейік, 17 сәуірдегі сағат 20.00-дегі жағдай бойынша Алматы облысында коронавируспен ауырғандар саны 37-ге жетті.