Бүгін Алматы облысында сенбілік өтеді

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысында сенбілік өтеді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Құрметті Алматы облысының тұрғындары! Санитарлық тазарту, абаттандыру мен көгалдандыру күзгі қосайлығының басталуына орай 2016 жылғы 8 қазанда облыс көлемінде «Таза сенбілік» өткізіледі. Баршаңызды қоршаған ортаның тазалығына, туған өлкемізді көгалдандыруға бір кісідей атсалысуға шақырамыз!», делінген хабарламада.