Бүгін Алматыда ауаның ластану деңгейі жоғары болады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қаласында ауаның ластану деңгейі жоғарылайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

«14 қараша күні қалада ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Жел жылдамдығы - 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2 градус салқын, күндіз 9-11 градус жылы. Келесі күні де осындай.

Бүгін - тәулік бойы, ертең түнде метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.

Жалпы қала бойынша ауаның ластану деңгейінің көтеріңкі болуы күтілуде», - деп жазды ведомстводан.