АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қаласында футболдан қазақстандық «Қайрат» және Өзбекстанның «Пахтакор» командасы жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кездесу бүгін, 19 шілдеде Алматы қаласындағы Орталық стадионда елорда уақытымен 20:00-де басталады.
Орталық Азиядағы қос команда арасындағы дерби тоқсаныншы жылдарға дейін жанкүйерлерге үлкен қызығушылық туғызатын. Соңғы рет командалар 1990 жылдың 15 мамырында КСРО біріншілігінде өтті. Бұл жолы «Пахтакор» 1:0 есебімен басым түсті.
Биылғы жылдың ақпан айында Ташкент қаласында болған алғашқы жолдастық кездесуде өзбекстандық клуб 4:3 есебімен жеңген еді. Алматылық клубтан Гүлжігіт Алықулов және Жоао Пауло (2 гол) көзге түсті.
Еске салсақ, 29 шілдеде «»Super Bol 2.0 жобасы» бойынша Астанада футболдан гранд-финал өтеді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.