Бүгін Алматыда Ішкі әскерлер сарбаздары ант қабылдады

None
АСТАНА. 6 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлері «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдеріне шақырылған жас жауынгерлердің бір легі Отан алдында адал қызмет етуге салтанатты жағдайда ант қабылдады.

Алматы қаласында орналасқан 5571-әскери бөліміне шақырылған 400-ден астам жас сарбаз бір ай бойы оқу пунктінде алғашқы жауынгерлік дайындық курстарынан өтті. Оларға саптық, қызметтік-тактикалық, ату дайындығы, әскери жарғылардан сабақтар өткізіліп, әскери бөлімнің тарихы мен қызметтік-жауынгерлік жолы таныстырылды.

«Әскери ант қабылдау салтанатына жас жауынгерлердің ата-аналарымен қатар, Ұлы Отан соғысының, Ауған соғысының, Ішкі әскерлер ардагерлері қатысып, сарбаздарға жауынгерлік қызметте табыстар тіледі.

Ішкі әскердің 5571-әскери бөлімі ішкі істер органдарымен бірлесіп Алматы қаласында қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қызметтік-жауынгерлік тапсырмалар орындайды»,-делінген ҚР ІІМ Ішкі әскерлері «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының мәліметінде.