Бүгін Алматыда «IT-2009 - Microsoft инновациялық жобалары» 2-ші форумы басталды

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Маржан Кеңесбай/ -  Бүгін Алматыда «IT-2009 - Microsoft инновациялық жобалары» 2-ші форумы  басталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Форум бағдарламасының басты мақсаты -  жаңа технологиялық инновациялар мен ақпараттық технологиялардың болашағы және соңғы жетістіктер мен корпоративті шешімдер, «Microsoft» компаниясының ақпараттық-технологиялық қолдауы мен IT-инфрақұрылымын «System Center» арқылы басқару. Сондай-ақ, «Microsoft Office 2010»-ның  жаңа жобасымен таныстыру.

«Біздің форумның мақсаты - ақпараттық технологиялар саласындағы жаңа жетістіктер мен өнімдер  туралы айту. Жаңа инновациялық жобалар бізді алға жылуымызға тамаша мүмкіндік тудырады. Сондай-ақ біздің өмірімізді қызықты ете түседі. Олар бізді жан-жақтылық пен жылдам хабар алысуға мүмкіндік тудырады», - дейді «Microsoft Казақстан» компаниясының мүшесі Канат Әбішұлы.