Бүгін Алматыда «Қорғау-Антитеррор-2013» жедел-тактикалық жаттығулары өтті
13:15, 22 Қазан 2013
АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін 2017 жылдың 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайындық шеңберінде Алматы қаласының терроризмге қарсы күрес жедел штабымен «Қорғау-Антитеррор-2013» жедел-тактикалық жаттығулары өтті. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен хабарлады.
Жаттығулар шеңберінде ҰҚК, ІІМ, ТЖМ, ПҚҚ, ҚМ аудандық басқармалары мен Алматы қаласының әкімшілігі араларындағы бірге жұмыс істей білу қабілеттілігі мәселелері табысты орындалды.