Бүгін Алматыда спортшыларды Азия ойындарына шығарып салу рәсімі өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Балуан Шолақ стадионында қазақстандық спортшыларды VIII қысқы Азия ойындарына шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отандық спортшыларға Ұлттық штаттық командалар және спорттық резерв дирекциясы директорының орынбасары Алексей Крючков сәттілік тіледі. Салтанатты шарада еліміздің туы шаңғышы Ердос Ахметовқа табысталды. Ол Саппородағы VIII Азия ойындарының ашылу салтанатында туымызды алып жүреді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ердос Сочи Олимпиадасы кезінде еліміздің туын алып шыққан болатын.

Жапонияның Саппоро қаласындағы Азия ойындары 19-26 ақпан аралығында өтеді. Қазақстандық делегация 116 спортшыны құрап отыр. Олар спорттың барлық 11 түрінен сайысқа түседі.

ФОТО Олег Спивак