9 ақпанда Алматыда тұман, көктайғақ болуына байланысты қалалық ТЖД тұрғындарға көшеде және жолда кезінде абай болуға шақырды.
«Есіңізде болсын, қар мен көктайғақ кезінде көлік жүргізу күрт қийындайды, осының салдарынан жүргізушілердің жаяу жүргіншілерді қағып кетуі қауіпі артады;
- жолды арнайы белгіленген жерден кесіп өту керек;
- көлік басқарып келе жатып алаңдатататын нәрселердің болмауын қадағалаңыз (ұялы телефонмен сөйлесу және т.б. ештеңеге алаңдамаңыз;
- әрқашан алдыңызға, аяқ астына қараңыз;
- аяқ киімді дұрыс таңдауға назар аудару керек. Аяқ киім бұдырлы өрнегі бар тайғанамайтын материалдан жасалған тегіс табанды болғаны жөн;
- қолыңызды қалтаңызда салып жүрмеңіз, бұл сізге мұзда тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді;
– есіңізде болсын, тротуарлар, қалалық көлік аялдамалары, дүкендерге кіре берістегі баспалдақтар, тіпті өз үйінің кіреберісі- адамдар жиі жарақат алып құлайтын жерлер болып табылады», - делінеді қалалық ТЖД хабарламасында.