Бүгін алматылықтар Астананың 15 жылдығына арнап веложарыс өткізеді

None
АСТАНА. 7 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Астананың 15 жылдығы құрметіне арналған веложарыс өтеді.

Велоспорт әуесқойлары ҚР Тұңғыш Президенті саябағынан бастап әл-Фараби даңғылынан, Фурманов және Төле би көшелерімен жүріп өтіп, мәре сызығын «Астана» алаңында кесіп өтеді. Осы жерде сайыстың қорытындысы шығарылып, өзге дәстүрлі жарыстардың жеңімпаздары марапатталатын болады. Оларға түрлі жастағы адамдар мен мамандық иелері қатысты.

Веложарысқа байланысты кейбір көшелерде ішінара көлік қозғалысы шектеледі. Осы орайда Алматы ІІД жол полициясы басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауға шақырып отыр.