Бұл туралы «Алматы су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мәлім етті.
«15 қыркүйек күні таңғы сағат 8:00-ден түнгі 00:00-ге дейін «Жетісу-1», «Жетісу-2», «Жетісу-3», «Жетісу-4» ықшам аудандары, сондай-ақ, «Достық» ықшам ауданындағы Ұлағат көшесінде орналасқан тұрғын үйлер мен ғимараттарға суық су беру тоқтатылады»,- деп хабарлайды «Алматы су» кәсіпорны.
Сондай-ақ су қысымының төмендеуі «Ақсай-4», «Ақсай-5» ықшамаудандарының желілерінде де байқалуы ықтимал.
Бұл шектеулер технологиялық жабдықты ауыстыру үшін қажет.
«Алматы су» МКК уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды өтінеді.