Қазақстанның ХХ ғасырдағы ең үздік қақпашысы бұл күнгі тірлігін таңсәріде гүл сатып алудан бастайтын көрінеді.
«Ананың қуанышы үйдің берекесі ғой. Олар үшін балалары құшақтап, мерекемен құттықтап жатса онымен ешбір сыйлық теңесе алмайды деп ойлаймын. Бұрын біз футбол ойнап жүргенде үйде болмай қалсақ, мереке кезінде міндетті түрде жақын адамдармызға құттықтау жеделхатын жолдайтынбыз. Ол кезде телефон байланысы нашар болатын. Өз басым ақ түсті ұнатамын. Гүл сатып алар кезде жүрегім қай гүлге бұрылып тұрса соны аламын. Бірақ көбіне аққа құмармын. Сондықтан жарыма бұл күні ақ роза гүлін сыйлаймын», - дейді Құралбек Досжанұлы. «Алматының «Қайрат» футбол клубының 1971-1983 жылдарғы даңқты қақпашысының айтуынша, әлемге деген көзқарас анаға деген құрметтен басталуы керек. Ардақты ана, сүйікті жар, аяулы қарындас ұғымдарының қазақ халқында ерекше ұлықталуы кездейсоқ емес. Атадан-балаға мирас болып келе жатқан бұл дәстүр сабақтастығы ешқашан үзілмейді.