Бүгін Аргентинаның Мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні

АСТАНА. 9 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Аргентинаның Мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні. Аргентина - Оңтүстік Американың оңтүстік-шығыс бөлігін толығымен алып жатқан мемлекет.

Оңтүстігінде және батысында Чилимен, солтүстігінде Боливия, Парагваймен, солтүстік-шығыс және шығысында Бразилия, Уругваймен шектеседі. Әкімшілік жағынан 22 провинцияға, 1 ұлттық территорияға және 1 федералды астаналық округке бөлінеді. Астанасы - Буэнос-Айрес қаласы. Ресми тілі - испан тілі. Ақша бірлігі - песо. Аргентина конституциясы бойынша Федеративтік Республика. Ал басқару формасы бойынша парламентаризм элементтері бар Президенттік Республика. Мемлекет және үкімет басшысы - Президент. Сонымен қатар елдің қарулы күштерінің бас қолбасшысы болып саналады. Жоғары заң шығарушы органы Сенат және Депутаттар палатасынан тұратын Ұлттық конгресс.

Қазақстан Республикасы мен Аргентина арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1993 жылғы 25 маусымда орнаған.