Бүгін «Астана-Лондон» бағытында алғашқы тікелей әуе рейсі жүзеге асырылды

АСТАНА. 31 қазан. ҚазАқпарат - «Астана-Лондон» тікелей әуе рейсі ашылды, деп хабарланды «ЭйрАстана» әуе компаниясының твиттер парақшасында.

«Бүгін елорданың халықаралық әуежайында «Астана-Лондон» тікелей әуе рейсінің тұсауы кесілді.

Әуе қатынасы апта сайын, сейсенбі күндері «Лондон-Астана» бағытында және бейсенбі күндері «Астана-Лондон» бағытында жүзеге асырылады», - делінген хабарламада.

Ұшу «Боинг-767» ыңғайлы авиалайнерлері арқылы жүзеге асырылады.