Бүгін Астана медицина университеті 50 жылдығын атап өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Бейбітшілік және келісім сарайында Астана медицина университетінің 50 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтеді.

1964 жылғы 26 қазанда Қазақстан Коммунистік Партиясының Орталық комитеті және Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Министрлер Кеңесі Целиноград қаласында медициналық институт ашу туралы шешім қабылдады. Сол шешім негізінде бүгінгі Астана медицина университеті құрылып, қызмет етіп келеді. Қазіргі уақытта Университет жоғары кәсіби білім берудің 6 бағдарламасы, магистратураның 5 бағдарламасы, докторантураның 3 бағдарламасы және резидентураның 26 мамандығы бойынша, сонымен қатар қосымша білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлайды.