Бүгін Астана мен 8 қалада ауа ластанады
05:14, 18 Қыркүйек 2023
Бүгін Қазақстанның 9 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.
«2023 жылғы 18 қыркүйекте Қарағанды, Теміртау, Алматы, Петропавл, Павлодар, Өскемен, Риддер, Ақтөбе қалаларында, түнде Астанада ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі»,-делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.