24 қаңтарда Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Шымкент, Астана және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі. Өзге шаһарларда ауа сапасы норма шегінде болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.