Бүгін Астанада білім қызметкерлерінің Тамыз кеңесі өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада білім қызметкерлері Тамыз кеңесінің қалалық пленарлық отырысы өтеді. Оған Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов, басқармалардың басшылары, педагогика саласының ардагерлері, жалпы білім беру мекемелерінің ұстаздары қатысады, деп хабарлады astana.kz.

Тамыз кеңесі Конгресс-Холл сарайында өтеді. Тақырыбы - «Білім берудің инновациялық стратегиясы - мемлекеттің, қоғамның және тұлғаның тұрақты дамуының факторы».

Шара барысында Астана қаласының білім қызметкерлеріне ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Астана қаласы Білім басқармасының алғыс хаттары мен құрмет грамоталары табысталады. Сондай-ақ, 2013-2014 оқу жылында өткізілген спартакиада мен «Дидарлы жаз» ойын алаңының қорытындысы шығарылады. Шара соңында елордалық білім беру мекемелерінің үздік педагогтары марапатталып, олардың есімдері «Елорда білім жүйесінің алтын қоры» құрмет кітабына жазылады.