Бүгін Астанада Дэвис кубогы басталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Дэвис кубогының 1/8 финалында Қазақстан мен Швейцария құрамалары арасындағы жарыс басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеше, 1 ақпан күні Астанада Дэвис кубогының 1/8 финалында кездесетін Қазақстан мен Швейцария құрамалары арасындағы кездесудің жеребесі тартылды.

Екі құрама арасындағы ойында бірінші болып кортқа Дмитрий Попоко мен Генри Лааксонен шығады. Сондай-ақ жұма күні Михаил Кукушкин мен Адриан Бодмер ойнайды. Жұптық сайыста лександр Недовесов пен Тимур Хабибулллин жұбы швейцариялық Марк-Андреа Хуслер мен Лука Маргаролиге қарсы шығады.

Соңғы күні Кукушкин - Лааксонен және Попко - Бодмер кездесулері өтеді.

Жекелей сындағы ойындар 2 және 4 ақпан күндері Ұлттық теннис орталығында өтеді. Жұма күні ойындар 12:00-де басталса, сенбі мен жексенбі күндері 14:00-де басталады.

Еске салайық, бұған дейін Дэвис кубогы аясында Қазақстан Швейцариямен екі мәрте кездескен болатын. 2010 жылы қазақстандық теннисшілер Астанада 5:0 есебімен ұтып, алғаш рет әлемдік топқа шыққан еді. Ал 2014 жылы Женевада өткен ширек финалда 2:3 есебімен отандастарымыз ұтылды.