Бүгін Астанада елді мекендерді сумен жабдықтау мәселесіне арналған V көшпелі өңірлік семинар өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласында ҚР ҰЭМ Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің қолдауымен «Қазақ Суарнажоба» АҚ-ның ұйымдастыруымен V көшпелі өңірлік семинар өтеді. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен хабарлады.

Отандық тауар өндірушілердің қатысуымен өтететін семинар бұл жолы «Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғырту және оларды салу жөніндегі өзекті мәселелер» тақырыбына арналмақ.

Семинар шеңберінде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жобалау жұмыстарының сапасын жақсарту, осы саланы қамту бойынша еліміздің үлесін ұлғайту механизмдері мен отандық өндірушілерді қолдау мәселелері талқыланды. Бұған дейін аталған жоба Астана қаласында биыл, жыл басында өткен. Содан бері көшпелі өңірлік семинар Орал, Шымкент және Павлодар қалаларында жалғасын тауып, тиімді диалог алаңы ретінде таныла бастады, делінген хабарламада.