Бүгін Астанада грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Азиялық Олимпиадалық іріктеу турнирі басталады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында 18-20 наурызда «Дәулет» СК-де грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Азиялық Олимпиадалық іріктеу турнирі өтеді. Бұл туралы Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.

Турнирге қатысатын Азияның 168 балуаны Рио Олимпиадасына 36 жолдаманы сарапқа салады.

Шара сағат 10:00-де басталады деп күтілуде.