Бүгін бірінші кезең матчтары, ал 10 -11 тамызда ойын екінші және үшінші кезең бойнша өтеді. Тамыздың 12-сі - турнир жеңімпаздары анықталатын шешуші күн.
Хоккейден Қазақстан Республикасы Президенті кубогы жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Бұған дейін отандық «Барыс» командасы үш мәрте жеңімпаз атанған. Осы күні Қ.Мұңайтпасов атындағы стадионда футболдан ҚР Чемпионаты аясында алғашқы лигада «Астана - 1964» пен «Каспий» ерлер командалары жарысқа түседі.