Көрмеде ҚР Конституциясы туралы кітаптар мен тіл, мәдениет, еңбек туралы заңдар, сондай-ақ мүгедектігіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы туралы заңдар ұсынылған. Кітап көрмесі тамыз айының соңына дейін жалғасады. Кітапхана Таха Хусейн көшесі 2/1 мекенжайында орналасқан, деп хабарланған елорда әкімдігінің ресми сайтында.
21:51, 11 Тамыз 2014
Бүгін Астанада «Сұраққа - жауап» атты кітап көрмесі ашылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 11 тамыздан бастап қаламыздағы мамандандырылған кітапханада ҚР Конституция күніне орай зағип және нашар көретін жандарға арналған «Сұраққа - жауап» атты кітап көрмесі өтеді.