Мерекелік шара аясында концерт ұйымдастырылады. Онда Қайрат Нұртас, Маржан Арапбаева, «МузАрт» триосы, «Boicekz» квартеті, «Zet» триосы сынды қазақстандық эстрада жұлдыздары мен Оқушылар сарайының шығармашылық ұжымдары жиналған көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйламақ. Сондай-ақ бұл мерекеде өскелең ұрпақты тәрбиелеп, оқытуға белсене атсалысқан ұстаздар қауымын құттықтау рәсімі Астана қаласының әр білім ордасында өткізілмек.
10:37, 03 Қазан 2014
Бүгін Астанада үздік ұстаздар марапатталады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында білім беру жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Конгресс-холл сарайында салтанатты жиын өтеді. Әдеттегідей, бұл күні үздік мұғалімдер марапатталатын болады, деп хабарланған елорда әкімдігінің ресми сайтында.