Синоптиктер болжамына сәйкес, бейсенбі күні қолайсыз метеорологиялық ахуал Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Павлодар, Теміртау, Шымкент қалаларында күтіледі. Сондай-ақ Риддер, Семей және Өскемен қалаларында 2 дәрежелі жағымсыз метеожағдай болжанады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.