Бүгін Астананың астана атанған күнінде эстрада және балет жұлдыздарының қатысуымен концерт болады

АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгінгі күн - тек елорда үшін ғана емес, барша Қазақстан үшін атаулы күн.

16 жыл бұрын (1997 жылғы 20 қазанда) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сәйкес 1997 жылғы 10 желтоқсанда Ақмола қаласы ресми түрде Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды. Бұл жас қаланың тарихындағы алғашқы елеулі күн болды, ал 1998 жылғы 6 мамырда қала жаңаша аталып, жаңа өмірге енді, Астана егеменді Қазақстанның нышанына айналды.

Бүгін елорданы күшіру күніне орай қалада мерекелік концерт өтеді, деп хабарлай Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметінен.

Бейбітшілік және Келісім сарайында «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының жеке орындаушылары, «Астана Баллет», «Терра» би театры өз өнерлерін ортаға салады. Сондай-ақ, қазақстандық эстрада жұлдыздары Астана туралы сүйікті әндерін шырқайды. «Сарын» дуэті «Бірге болайык», Мақпал Исабекова мен Қайрат Баекенов «Первое утро столицы», «Музарт» тобы «Есіл ағады», «Өз елім» өлеңдерін орындайды. Салтанатты іс-шараның соңында концертке қатысушылар «Астана» әнін айтады.