Бүгін Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Атырау қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалып тасып, ауа ластанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

«2023 жылғы 31 тамызда түнде Атырау қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасады»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.