Бұл туарлы «Атырау облысы су арнасы» КМК хабарлады.
«Атырау қаласындағы Контейнерный көшесінде D630 магистралды су құбырындағы апатты учаскені ауыстыру жұмысы жүргізіледі. Осыған байланысты 11 наурыз күні сағат 23.00-ден бастап 12 наурыз күнгі таңертеңгі 10.00-ге дейін Атырау қаласында және Мақат ауданында уақытша су болмайтынын ескертеді. Сонымен қатар, су тазарту құрылғыларындағы ысырма ауыстырылады» делінген кәсіпорын таратқан ақпаратта.