Бүгін Ауғанстанда президенттік сайлау өтеді

АСТАНА. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат - Бүгін Ауғанстанда президенттік және провинциялық сайлаулар өтеді. Сайлаушылар 34 үміткердің ішінен мемлекет басшысын, сондай-ақ провинциялық кеңестердің 420 өкілін сайлайды, деп хабарлайды «Маяк» радиостансасы.

Президенттікке   негізгі   күрес     елдің  қазіргі басшысы  Хамид Карзай мен оның   негізгі екі  қарсыласы -  бұрынғы сыртқы  істер министрі Абдулла Абдулла  мен    бұрынғы қаржы министрі Ашраф Ғанидің арасында    жүреді  деп  күтілуде.

Биылғы сайлау    - ел тарихындағы екінші сайлау.   Оған  17 миллионнан  астам сайлаушы тіркеліп  отыр.