БҰҰ Бас Ассамблеясының «Ауылдық жерлердегі әйелдердің жағдайларын жақсарту» туралы қарарымен (2008-інші жылғы ақпанның 12-сіндегі № A/RES/62/136 қарар) жарияланған бұл атаулы күн 2008-інші жылдан бастап атап өтіліп келеді.
Бас Ассамблеяның бұл шешімі ауылдық жерлердегі әйелдердің жағдайларын жақсартуға тікелей арналған және 2001-інші жылдан бастап екі жыл сайын қабылданып отырған (№№ 56/129, 58/146, 60/138) бұдан бұрынғы қарарларды қарастыру аясында қабылданды.