НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Грекияда жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлем чемпионаты 2-10 мамыр аралығында Грекияның Ираклион қаласында өтеді. Онда ел құрамасынан сегіз спортшы бақ сынайды.
Құрама сапында Екатерина Алякина (55 келі), Айсамал Сансызбаева (87 келі), Петр Хребтов (73 келі), Алексей Чуркин (73 келі), Денис Полубояринов (81 келі), Егор Шерер (81 келі), Клим Басаргин (89 келі) және Сұлтан Мейрам (96 келі) сайысқа түседі.
Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 1975 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Қазақстан құрамасы 2021 жылғы әлем чемпионатында 3 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль еншілеп, жалпы командалық есепте көш бастаған еді.
Еске салсақ, бұдан бұрын бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.