Бүгін Әзірбайжанның ұлттық баспасөз күні

АСТАНА. 22 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Әзірбайжанның ұлттық баспасөз күні. Елдің алғашқы баспа өнімі - «Экинчи» газетінің жарық көрген күніне орай атап өтіледі.

Көптеген демократиялық елдердегі сияқты Әзірбайжанда да Баспасөз жөніндегі кеңес құрылып, «БАҚ туралы» заң қабылданған. 1998 жылы 16 тамызда Мемлекет басшысы Гейдар Әлиевтің «Әзірбайжан Республикасындағы сөз, ой және ақпарат бостандығын қамтамасыз ету шаралары туралы» Жарлығымен елдегі бұқаралық ақпарат құралдарына цензура жойылды.