Бүгін - Балалардың дүниежүзілік күні

АСТАНА. Қарашаның 20-сы. ҚазАқпарат - Бүгін - Балалардың дүниежүзілік күні. 1954 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы дүниежүзінде балалардың аман-саулығын қамтамасыз етуге бағытталған игі іс-қимылдарға арналған балалардың бүкіләлемдік бауырластығы пен өзара түсіністігі күні ретінде «Балалардың дүниежүзілік күнін» атап өту үрдісін барлық елдерде енгізуді ұсынған болатын.

Еске сала кетсек, 1959 жылғы қарашаның 20-да  Бас Ассамблеяның Балалар құқығы декларациясы, ал 1989 жылы  Балалар құқығы  конвенциясы қабылданған.